news-img

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жанындағы Қарасай ауданы білім беру қорының ұйымдастыруымен тағы бір мектепішілік олимпиада өтті.

Алматы облысы Қарасай ауданындағы жалпы білім беретін мектептердің 11 сынып оқушылары арасында информатика пәнінен өткен олимпиадаға 147 оқушы қатысты.

Шектеулерге байланысты іс-шара proctoring.sdu.edu.kz сайтының Moodle платформасында киберпрокторингті қолдану арқылы онлайн режимде өтті.

Қатысушылар жазбаша және практикалық тапсырмаларды қор қызметкерлері, жоғары оқу орындарының аға оқытушылары және PhD докторлары бар комиссия мүшелерінің бақылауымен тапсырды. Тапсырмаларды орындау барысы тікелей эфир арқылы көрсетілді.

Олимпиада қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды:

І орынды Ә.Байсалбаев атында орта мектептің оқушысы Хамитбек Жанель жеңіп алды;

ІІ орынды Әл-Фараби атындағы мамандандырылған гимназияның атынан қатысқан Досымбек Кәмила алды;

ІІІ орын Алмалыбақ ауылдық орта мектеп-гимназиясынан қатысқан Кахраманов Русланға бұйырды.

Түсініктеме қалдыру