news-img

Тілектерді және армандарды орындау – жаңа жылдық жақсы дәстүр. Екі жыл қатарынан Нұрсұлтан Назарбаев Қоры «Тілек шыршасы» атты жаңажылдық қайырымдылық акциясын өткізіп келеді. Бұл игі шараның басты мақсаты – мүмкіндігі шектеулі балаларға қолдау көрсету, оларға қуаныш пен ғажайып сәт сыйлау. 

Жаңа жыл қарсаңында Алматы қаласы мен Алматы облысының 15 медициналық-әлеуметтік мекемелеріндегі мүмкіндігі шектеулі және өміріне қауіп төндіріп тұрған аурулары бар  3 жастан 17 жасқа дейінгі балалар өз тілектерін жолдады. Акцияға Нұр-Сұлтан, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстарынан жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, аз қамтылған отбасылардан шыққан ерекше балалар қатысты.

10 жасар Хафиза Құрбантаева «Тілек шыршасына» арманын жазып хат жолдады. Қыз үлкен қуыршақ үйінің болғанын армандаған. Анасы Гүлжахан Қылышбекқызы алты баланы жалғыз өзі тәрбиелеп отырғанын айтты. Бірде әйел қызының аузынан Аяз Атаға жыл сайын хаттары жетпейтінін және тілектері ешқашан орындалмайтынын естіпті.

Биыл баламның арманы орындалды, сол үшін бақыттымын. Балаларымыз жыламасын, бүлдіршіндердің бақытына немқұрайлы қарамайтын осындай ұйымдастырушылардың арқасында олар тек күліп, қуанып жүре берсін! Алғысым шексіз, — деді Гүлжахан Құрбантаева.

Жаңажылдық ғажайыпқа 228 бала куә болды. Кішкентай қазақстандықтардың орындалған тілектерінің қатарында: кистевті эспандер, үйде оқуға арналған планшеттер, спорттық киімдер, ойыншықтар, кітаптар, музыкалық аспаптар, бассейнге арналған абонементтер, конструктор жинақтары, баланы дамытуға арналған ойындар, суретшіне қажетті құралдар, визажист мамандығын оқытуға арналған сертификаттар және т.б.  заттар сыйлықтар бар.

Арсланбек Бәкіров жалғыз өзі үш баланы асырап отыр. Оның ұлы Аман – кішкентайынан мүгедек. Бала сурет салуға қызығады және ол кенеп матаға сурет салуды қалады. Аман Аяз Атадан мольберт, кенеп және суретші жиынтығын сыйлық ретінде алды. 

Туа біткен орталық жүйке жүйесінің кемістігі бар жас коллекционер Леонид Ярухиннің монеталар коллекциясы толықты. Ол нумизматикамен айналысады, қазір оның қолында Тәуелсіздік мерейтойына арналған коллекциялық тиын бар.

«Тілек шыршасы» – бұл ғажайыптар тудыратын акция, оларға шын сенетіндер бар және осы тұрғыдан әрқайсымыз біреуге сиқыршы бола аламыз.

Нұрсұлтан Назарбаев Қорының баспасөз қызметі

Түсініктеме қалдыру