news-img

Нұрсұлтан Назарбаев Қорының жанындағы Қарасай аудандық білім беру қоры биология пәнінен олимпиада ұйымдастырды.

Олимпиада кибер-проекторингті қолдану арқылы proctoring.sdu.edu.kz веб-сайтының Moodle платформасында онлайн форматта өтті. Олимпиадаға қатысу үшін 32 мектептен 118 өтініш жіберілген.

Білім бәсекесінде оқу орталықтарының басшылары, жоғары оқу орындарының аға оқытушылары, PhD докторлары және Қор қызметкерлері коммисия мүшелері болды. Олимпиадаға қатысушылар тест тұрақтары және жазбаша түрде жауап беруге арналған тапсырмаларды орындады.

Олимпиада қорытындысы бойынша жүлдегерлер анықталды. Жеңімпаздар тізімі:

І орын – Жақсылықова Гүлшад, Алтынсарин атындағы орта мектеп-гимназиясы

ІІ орын – Мұқатай Назерке, Үшқоңыр орта мектеп-гимназиясы

ІІІ орын –  Абитова Аружан, Алмалыбақ ауылдық орта мектеп-гимназиясы.

Түсініктеме қалдыру