news-img

Нұр-Сұлтанда өткен «30 Leaders Meetup» мотивациялық іс-шарасында заманауи Қазақстандағы инновацияларды дамыту перспективалары талқыланды.

Форум ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Музейінің ғимаратында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өткізілді.

Шараны Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі Нұрсұлтан Назарбаев Қорының қолдауымен ұйымдастырды.

Білім беру, инновация, денсаулық сақтау, мәдениет және өнерде елеулі табыстарға қол жеткізген 30 жас және жарқын көшбасшылар жиналған жастарға өздерінің жетістік тарихы туралы айтып берді. Олар мақсатқа ұмтылған іскер адамдар,  инновациялық технологиялар әзірлейді, әлеуметтік кәсіпкерлікпен айналысады, халықаралық аренада бәсекеге қабілетті стартаптарды іске қосады, Қазақстан өнері мен шоу-бизнесін жаңа деңгейге шығарады. Олардың табысты жолы өзгелерді жаңа жетістіктерге шабыттандырады, алға ұмтылуға шақырады.

Форум спикерлері:

Бахтияр Ажкен – онкологияның ерте диагностикасы саласындағы патенттің авторы, IMMS Journal бас редакторы;

Фарангиза Шукашева – Neupusti.net негізін  қалаушы;

Рафаэль Фатхельянов - Du Soleil цирк әртісі;

Бауыржан Оспан – Qmobot негізін қалаушылардың бірі;

Жалын Қабыкен - Nasa Johnson Space Center жобасының қатысушысы, Aller Scan негізін қалаушылардың бірі.

Форум спикерлері іс-шараға қатысушыларға болашақ мамандықты анықтау, сұранысқа ие маман болу, білімді қайдан алу және қай бағытта жетілдіру туралы құнды кеңестер берді.

Жастарға арналған форум көптеген маңызды ақпарат, ашық қарым-қатынаспен есте қалды.

 

Түсініктеме қалдыру