news-img

21 тамызда ауыл мектептеріне арналған бірінші ұлттық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті.  Тестілеу кезінде олимпиаданың 5 мың қатысушысы -Қазақстанның түрлі ауылдарының оқушылары функционалдық сауаттылық пен абстрактілі-логикалық ойлау дағдыларын сынай алды.

Олимпиада қатаң карантиндік нормаларды сақтай отырып, 19 Назарбаев Зияткерлік мектептері  мен  әр аудан орталықтарындағы 34 пункт негізінде ұйымдастырылды.

"Мың бала" - ауыл балаларын қолдау мен дамытуға арналған, ауыл балаларының қала оқушыларымен  бірдей бәсекелесуіне жағдай жасауға, білімдегі алшақтықты қысқартуға бағытталған ұлттық ауқымдағы бірегей жоба.  Жоба Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мен "Елбасы Академиясы" корпоративті қорының "Ел Үміті" талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі бастамасы шеңбері аясында іске асырылуда.

Олимпиада қорытындысы бойынша, 5 және 6 сыныптарын бітірген 1000 жеңімпаз оқушысы өз білімдерін "Білім-инновация лицейі", Республикалық физика-математика мектебі және "Дарын" сияқты дарынды балаларға арналған жетекші мектептерде әрі қарай жалғастыра алады.

Олимпиада 2020 жылдың 24 ақпанында басталды. Оған 295 мың оқушы қатысты. Екінші кезеңге 5 мың оқушы өтті. Бірінші кезең сырттай өтіп, математика, жаратылыстану, информатика, қазақ, орыс және ағылшын тілдері пәндері бойынша үлгерімді бағалады.

- Егер бірінші кезеңде үміткерлердің академиялық қабілеттері бағаланса, екінші кезеңде - танымдық қабілеттері бағаланады. Біз қабылдау кезінде оқушылардың өмір сүруіне жағдай жасай алатын мектептерді таңдадық. Сонымен қатар, барлық 5 мың қатысушы Елбасы Академиясы жанындағы онлайн-мектепке ақысыз тіркеледі, - деп атап өтті "Елбасы Академиясы" корпоративті қорының диагностика және даму жобаларының үйлестірушісі Жазира Асанова.

Олимпиаданың бірінші кезеңінен өткен қатысушылар үшін қашықтықтан оқыту порталы қолжетімді болады. Сонымен қатар, оқушыларды үнемі онлайн-қолдау ұйымдастырылған, және оның ішінде пән мұғалімдерінің сабақтары мен кеңестері қарастырылған. Онлайн мектеп жұмысын осы күзде бастайды.

- Менің қызым "Родина" ауылының мектебінде оқиды. Олимпиаданың бірінші кезеңінен өткен кезде біз өте  қатты қуандық. Қызым өте қабілетті, ағылшын тілін жақсы біледі, математиканы жақсы көреді. Бәрі жақсы болады деп үміттенемін және ол өз мақсатына жетеді деп ойлаймын, - деп Ақмола облысының тұрғыны Тимур Омаров журналистерге сұхбат берді.

Олимпиадада жеңімпаз атанған 1000 оқушысының тізімі  www.fnn.kz  сайтында екінші кезеңнен өткен соң, 14 күнде жарияланады. Дәл осы сайтта олимпиада жеңімпаздары дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердің біріне өтініш бере алады.

Түсініктеме қалдыру
comments-author-avatar
Мен екыншы кезеннен откенмын.Мен тапсырма ала алмай жатырмын . Талимгерымнын ким екенын номерын билмеймын.Енды онлайн сабакты калай окимын. Мен озым туралы барлык акпаратты бердым.7170 номеры маган кейынырек сизге конырау шалады деген.Бирак али талимгерым хабарласкан жок.Логин мен купия созде келген жок.
Караганды облысы.  Абай ауданы.  Сарепта ауылы.  Аты-жоны: Серик Айжан Ержанкызы. Номерым +77765017367