news-img

«Елбасы Медалі» жобасының атауы туралы

Жоба Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «El Umiti» бастамасы аясында әзірленді. Тәуелсіз мемлекетіміздің даму жолындағы барлық жетістіктер Тұңғыш Президентіміздің ерен еңбегімен байланысты. Сондықтан жеңімпаздарға берілетін медальдар мен жоба «Елбасы Медалі» деп аталады.

«Елбасы Медалі» жобасының мақсаты

Жобаның  міндеті - әрбір қатысушы үшін оның жасына, тұрғылықты жеріне қарамастан білім беру, шығармашылық, мәдени және өзге де қабілеттері мен дарынын кеңейту үшін жағдай жасау. Бағдарлама әрбір қатысушы өз бейімділігін таба алатындай, өзін-өзі бағалай алатындай, өз ісінің үздігі, өз саласында көшбасшы бола алатындай, дербес тұлға бола алатындай және оған айналасындағыларды үйретету мүмкіндігі болатындай әзірленген.

«Елбасы Медалі» жобасының Қазақстан мен қазақстандықтар үшін маңызы

Жоғары оқу орнына түсу кезінде талапкерлерге көптеген талаптар қойылады: жасы, тіркелуі, аттестаттың болуы, мотивация деңгейі, жеке қасиеттері және т.б. «Елбасы Медалі» жобасы - жаңа білім алу үшін барлық шекаралар мен кедергілерді жоятын Қазақстандағы алғашқы бағдарлама. Әлеуетті қатысушылардың қайда тұратыны - қалада немесе ауылда, аттестатта оқу үлгірімі қалай бағаланған, қандай оқу немесе жұмыс өтілі бар екендігі маңызды емес. Ең бастысы, «Елбасы Медалі»  жастарға өзге тараптардан көмек күтпей, өз болашағын өздеріне құруға мүмкіндік береді. Жоба бағдарламасын өту барысында қатысушылар  өз дағдылары мен дарындарын шыңдайды, ұлттық мәдени мұрамен танысады, денсаулығы мықты, болашағына сенімді тұлға ретінде қалыптасады. Яғни, олардың өз әлеуетін толық көлемде іске асыруға мүмкіндіктер көп. «Елбасы Медалі» жобасына қосылғаннан кейін сіз өз келешегіңізге инвестиция саласыз.

Әлемдік тәжірибе және  «Елбасы медалі»

Жасөспірімдерге жан-жақты білім беру тәжірибесі шетелде кеңінен таралған.  Жүзеге асырылған жобалар арасында өткен ғасырдың 50-ші жылдарында құрылған «Эдинбург Герцогы сыйлығы» бағдарламасын атап өтуге болады. Қатысушылар түрлі салаларда – спорт, мәдениет, еріктілер, зерттеулер мен т.б. кезеңдерден өтіп, алтын, күміс, қола медальдарға таласады. Жоба жеңімпаздары тек Ұлыбританияның жоғары оқу орындарына ғана емес, сонымен қатар әлемнің басқа елдерінің жоғары оқу орындарына түсу кезінде, сондай-ақ жұмысқа орналасу кезінде жоғары бағаланады.

Жобаға қатысушылар үшін «Елбасы медалі» жобасының тәжірибелік пайдасы қандай?

Біз жобаға қатысуға ниет білдірген әрбір жастың кітап оқу арқылы ой-өрісін кеңейту, қоршаған ортаны зерттеу және қорғау, балаларға немесе қарт адамдарға ерікті ретінде көмек көрсету арқылы өзін дамыту жолында ең маңызды құндылықтарға ие болады деп сенеміз. Өйткені өзін-өзі дамыту, мақсатқа ұмтылу, қайсарлық таныту, жігерлену сияқты  қасиеттер ең алдымен өзіңе қажет деген ұғыммен негізделуі тиіс.
«Елбасы медалінің» иегерлері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен баллдары тең болған жағдайда білім беру грантын алуға, сондай-ақ жоғары білімі бар кадрларды даярлау үшін мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша студенттер құрамына қабылдануға басымдыққа ие.

Түсініктеме қалдыру
comments-author-avatar
 Қайырлы күн! Керемет жоба!!!!!!

comments-author-avatar
Керемет, ұзағынан болсын.

comments-author-avatar
Тіркелгенніндіқалай білуге болады? 

comments-author-avatar
👎менің мектеп атауы жоқ

comments-author-avatar
Керемет жоба екен

comments-author-avatar
Керемет жоба!!!

comments-author-avatar
Очень хороший проект для молодежи😍😍😍

comments-author-avatar
 жоба ары қарай жақсы жаққа бағыттап, ең керемет жобаның бірі болсын! 

comments-author-avatar
Өте кнремет жоба жастардың жан жақты дамуына мүмкіндік береді маған ұнады