news-img

2026 жылғы 3–5 маусым аралығында Музей қызметкерлері кәсіби ынтымақтастық аясында Алматы қаласы мен Алматы облысындағы музей мекемелеріне қызметтік іссапармен барды.

Іссапар барысында Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейі, Almaty Museum of Arts, Шамалған ауылындағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің «Атамекен» тарихи-мәдени орталығы және Қаскелең қаласындағы Қарасай аудандық тарихи-өлкетану музейі таныстырылып, олардың қызметімен жан-жақты танысу мүмкіндігіне ие болды. Сонымен қатар Алматы қаласы мен Алматы облысының мәдениет басқармалары өкілдерімен жұмыс кездесулері өткізілді.

Үш күнге созылған іссапар мазмұнды кәсіби қарым-қатынас орнатуға, музей ісіндегі озық тәжірибелермен танысуға және саланың өзекті мәселелерін талқылауға арналды. Әсіресе тарихи-мәдени мұраны сақтау және насихаттау, музей кеңістіктерін дамыту, сондай-ақ музей қызметіне заманауи тәсілдерді енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Бөлісу