АҚШ-тағы ғылыми іссапар: серіктестіктің жаңа көкжиектері
2026 жылы 21-31 наурыз аралығында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті музейінің «Тәуелсіздік дәуірінің тарихи-мемориалдық мұрасы және музейлер: XXI ғасыр мүмкіндіктері» атты ғылыми-қолданбалы зерттеу жобасын орындаушылардың АҚШ-қа ғылыми іссапары өтті.
Колумбуста (Огайо) өткен «Rethinking Knowledges, Practices, & Imaginaries of the World» атты 67-ші жыл сайынғы халықаралық конференция барысында келесі ғылыми баяндамалар ұсынылды:
— «Музей тарихи жадының экожүйесі ретінде: Қазақстандағы ядролық сынақтардың салдарының тарихи, экологиялық және көркемдік қырлары»;
— «Ұжымдық жадтағы қасіретті оқиғалардың көрініс табу ерекшеліктері: Семей ядролық сынақ полигоны салдарының мысалында»
Баяндамалар конференция қатысушыларының қызығушылығын тудырып, кәсіби пікірталасқа ұласты.

Вашингтонда академиялық ынтымақтастықты дамыту мақсатында Джорджтаун университеті мен Америкалық халықаралық білім беру кеңесі өкілдерімен кездесулер өтті. Кездесулер барысында бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу, білім беру бастамаларын жүзеге асыру және өзара тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды.

Іссапар қорытындысы бойынша:
• Жоба аясында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бастамашылық еткен антиядролық саясатқа арналған екі ғылыми тақырып халықаралық ғылыми ортаға ұсынылып, ағылшын тілінде жариялауға әзірленді;
• шетелдік зерттеушілер мен сарапшылармен, соның ішінде әлеуетті рецензенттер мен шақырылатын лекторлармен кәсіби байланыс орнатылып, нығайтылды;
• тәуелсіз Қазақстанның тарихи-мемориалдық мұрасын халықаралық академиялық кеңістікте ілгерілетуге бағытталған ғылыми, білім беру және мәдени ынтымақтастықтың келешегі айқындалды.

