Заседание Экспертно-методической комиссии Музея Первого Президента
Тұңғыш Президент Музейінің сараптамалық-әдістемелік комиссиясы 2025 жылдағы қызметінің қорытындысын шығарды. Қор жиынтығын – кітаптар, архив материалдары және музейлік мәні бар заттарды толықтыру мәселелері қаралды.

Экспозициялық, көрме жұмысының тәжірибесі Музейдің экспозициялық-көрме қызметінің регламентінде жинақталды. Құжат музей қызметінің негізгі бағыттары бойынша нормативтік құжаттарды әзірлеу жөніндегі іс-шаралар циклін аяқтады.

Музейдің кең мақсатты аудиториясында жас шектеулері жоқ. Комиссия мүшелері мектеп жасына дейінгі балаларға ерекше назар аудара отырып, келушілердің өзекті трендтері мен сұраныстарын ескере келе, экскурсиялық бағдарламалардың бағыттары мен мазмұнын талқылады.

Өтіп бара жатқан жыл Тәуелсіз Қазақстанның мұрасын қоғамдық сұраныстар мен үміттер контекстінде ілгерілетудің музейтану негіздерін нығайтуымен айрықша.
