news-img

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президент Музейінің делегациясы мәдениет, білім беру және баспа ісі саласындағы ең маңызды әлемдік оқиғалардың бірі – 77-ші Frankfurter Buchmesse 2025 халықаралық кітап жәрмеңкесіне қатысты.

500 жылдан астам тарихы бар Франкфурт кітап жәрмеңкесі білім мен тәжірибе алмасуға, баспа жаңалықтарын ұсынуға және мәдени байланыстарды нығайтуға арналған ірі халықаралық алаң болып табылады. Іс-шараға жыл сайын әлемнің түкпір-түкпірінен баспа саласының, ғылыми ортаның, музейлердің, кітапханалардың, университеттердің және халықаралық ұйымдардың мыңдаған өкілдері жиналады.

Сапар аясында Музей директоры Күлайша Қабдуалиқызы Ақтаева және ҚР Тұңғыш Президентінің Жеке архиві мен жеке кітапханасы қызметінің жетекші ғылыми қызметкері  Гульнара Ягафэровна Мельникова Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) және Дүниежүзілік Банктің өкілдерімен, сондай-ақ АҚШ, Италия, Индонезия, Польша және басқа елдердің жетекші баспа үйлерінің, университеттері мен ғылыми ұйымдарының өкілдерімен кездесулер өткізді.

Келіссөздер барысында:

   • бірлескен ғылыми-білім беру және мәдени жобаларды іске асыру перспективалары,

   • баспа және зерттеу ынтымақтастығын дамыту,

   • музей ісі және тарихи-деректі мұраны сақтау саласында тәжірибе алмасу талқыланды.

Франкфурт кітап жәрмеңкесіне қатысу Музейдің халықаралық әріптестігін нығайту және жаһандық аренада Қазақстанның мәдени мұрасын ілгерілетудегі маңызды қадам болды.

Бөлісу