news-img

Қазақстандықтарды бизнес идеяларды коммерцияландыруға қатысты оқуға шақырады. Мұндай мүмкіндікті «ИДҰА «Qazinnovation» АҚ бизнес инкубациялауды дамытуға жәрдемдесу бойынша қызметтер көрсетуден грант иегері болған «Тұран» университеті ұсынады.

Жобаның мақсаты – кәсіпкерлік мәдениет деңгейін арттыру, кәсіпкерлікті қолдауды кеңейту және Қазақстан экономикасы үшін ШОБ саласында білікті мамандар даярлау.

Грантты өтеусіз негізде іске асыру аясында стартаптарды бизнес инкубациялау және сертификаттар бере отырып, оларды коммерцияландыруға арналған байқауға одан әрі қатысу үшін жобаларды дайындау бойынша оқытылады.

Жобаларды бизнес-инкубациялау бойынша сертификатты «ИДҰА «Qazinnovation» АҚ-дан технологияларды коммерцияландыруға арналған байқауға қатысуға мүмкіндік береді, грант сомасы 20 млн теңгеге дейін жетеді.

Оқыту стартап-жобаларды дайындауға, буып-түюге және нарықта одан әрі ілгерілетуге бағытталған. Сарапшылар бизнес жобаларды ілгерілету мен коммерцияландыруда практикалық тәжірибесі бар жоғары кәсіби мамандар болып табылады.

Оқыту аясында мынадай оқыту модульдері көзделген: ABC Entrepreneurship, бизнес жоспар дайындау және өтінім беру, маркетингтік зерттеулер, шешендік өнер, фандрайзинг, командалық білім және т.б.

Сіз аласыз:

— жоғары кәсіби сарапшылардан тренинг, бизнес-жобаларға кеңес беру мен дайындаудың практикалық тәжірибесі;

— «ИДҰА Qazinnovation» АҚ-дан технологияны коммерцияландыру үшін грант алу ықтималдығын арттырасыз 20 млн. теңгеге дейінгі мөлшерде, өтінім бойынша жеке консалтинг;

—бизнес инкубациялау бағдарламасынан өткені туралы грант иегерінің сертификаті;

— ыңғайлы оқу жағдайлары және т. б.

Мерзімдері:

    • Бірінші топ 24.07.2023 ж.бастап 08.08.2023 ж. дейін оқуға кірісе алады (орын саны шектеулі).

    • Екінші топ 17.08.2023 ж.бастап 04.10.2023 ж. дейін оқуға кірісе алады (орын саны шектеулі).

Оқуға тіркелу

Жобаның серіктестері: ҚР Президенті жанындағы Ұлттық Ғылым академиясы, ҚР Ұлттық Инженерлік академиясы, «Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы, Нұрсұлтан Назарбаев Қоры, «HALYK» қайырымдылық қоры, Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы, ҚР ЖОО қауымдастығы.

Өтетін орны: «Тұран» университеті, Алматы қ., Сәтбаев к-сі, 16А.

Анықтама үшін байланыс: +7 777 233 6955 Саурықова Айнұр,

+7 701 227 9211 Гаухар Жамалова

e-mail: sceince@turan-edu.kz

Түсініктеме қалдыру