news-img

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры «Madeni Qazyna Qory» қоғамдық қорымен бірлесіп ұйымдастырған «Qolqanat» ауқымды қайырымдылық акциясы аяқталды.

Акция аясында 2023 жылғы 25 маусым мен 5 шілде аралығында өңірлерде халықтың әлеуметтік осал санатына жататын отбасыларға қайырымдылық көмек көрсетілді.

800 отбасы азық-түлік жиынтығы мен гигиеналық құралдар алды. Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарындағы отбасыларға көмек көрсетілді.

Әр отбасыға ұн, қант, күріш, өсімдік майы, печенье, кәмпит, халуа, макарон, шәй, жарма, сәбіз, қырыққабат, картоп, пияз, зығыр ұнтағы, дәретхана, кір сабын, тіс пастасы берілді.

Айта кетейік, бұл акция үшінші жыл қатарынан өткізіліп келеді. Жыл сайын көмекке мұқтаж 2000-ға жуық отбасыға көмек беріледі.

Түсініктеме қалдыру