news-img

«ЖасSTAR – 2023». Керемет, әдемі, әсері іс-шара тарих қойнауына енді. Үш күн бойы елдің түкпір-түкпірінен 250-ден астам креатор мен өнер қайраткері шығармашылық пен жасампаздықтың қыр-сырына үңілді. Іле Алатауында өткен фестивалі ешкімді де бей-жай қалдырмады.

Қызықты дәрістер, шеберлік сағаттары, перформанстар, воркшоптар, концерттер, тренингтер мен пікірталастар – фестивальде әркім өзіне ұнайтын іс-шараны таба алды. Жобаға қатысушылар мен қонақтар жаңа эмоциялар, пайдалы таныстық, жаңа идеялар, құнды білім алып, алдағы уақытта да фестивальдің жалғасатынына сенім білдірді. 

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мұрындық болған іс-шараның қалай өткенін біздің фотографтың көзімен көріңіздер. Сіздердің назарларыңызға «ЖасSTAR» халықаралық шығармашылық жастар фестивалінен фоторепортаж ұсынамыз. Суреттерді сілтеме бойынша көріңіз.

Түсініктеме қалдыру