news-img

Аружан Қосдәулетова академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің «Құқықтану» мамандығында оқиды. Университеттің саяси, қоғамдық және мәдени өміріне белсенді араласады. Бойжеткен құқық мәселелері бойынша баяндамалар жасап, республикалық және халықаралық деңгейдегі ғылыми-тәжірибелік конференцияларда жүлделі орындар алған. 

- Студенттік өмірге, түрлі байқауларға, танымдық ойындарға, конференцияларға, дөңгелек үстелдерге және университет қабырғасындағы жарыстарға қатысқан дұрыс, онда креативті және логикалық ойлауды үйреніп, ойымызды бүкпесіз жеткізе білуді дамыта аламыз. Бұл ретте, кітап оқуды айта кеткен жөн. Әрқайсымыз кітап оқитын әрі үнемі өзін дамытатын адамның дүниетанымы мен ойлау қабілеті ерекше болатынын білеміз, - дейді Аружан Қосдәулетова.

Студент бала кезінен ғылымға қызығушылық танытқан. Аружан ғылым мен ақылдың арқасында ғана адам баға жетпес бақытқа ие болады деп санайды. Оның ғылыммен айналысуына тағы бір себеп - бұл болашақта жоғары жетістіктерге жеткізеді деген сенім. 

Стипендия алуға арналған байқауға дайындалу барысында Аружан барлық құжаты мен наградасын жинақтады. Сөйтсе әжептәуір жетістігі екен.

- Мұндай мүмкіндік берген Қорға ризамын. Ақылы бөлімнің студенті ретінде мен стипендия байқауында жеңіске жеткенімді білгеніме қатты қуандым. Стипендия – бұл кез-келген студент үшін мотивация. Түрлі байқаулар мен конференцияларға қатысуға, мақалалар жазуға мүмкіндік берді. Нұрсұлтан Назарбаев Қорының стипендиаты болу мен үшін үлкен мәртебе, - деді Аружан Қосдәулетова.

Түсініктеме қалдыру