news-img

«ЖасSTAR» халықаралық шығармашылық жастар фестивалі өтіп жатқан Алматыда «ЖасSTAR Grants Program» республикалық байқауы қорытындыланды. Байқаудың негізгі мақсаты – өнер және мәдениет саласындағы Қазақстан Республикасының жас қайраткерлерін қолдау. Фестиваль мен байқаудың ұйымдастырушысы – Нұрсұлтан Назарбаев Қоры.

Дарынды жастарға арналған «ЖасSTAR Grants Program» шығармашылық жобаларын іске асыруға арналған республикалық гранттар байқауы 2022 жылғы 1 шілдеден 8 қыркүйекке дейін өтті. Осы уақыт ішінде байқау комиссисына 400-ден астам өтінім түсті, алайда екінші турға тек 32 жоба өтті. Екінші кезеңнің финалистері Алматыда Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жанындағы мәдениет жөніндегі кеңес өкілдерінен тұратын қазылар алқасына өз идеяларын таныстырды. Байқау шарты бойынша 10 жоба анықталды, әрбір автор 2 миллион теңге көлемінде қор грантын алды.

- Тіпті қатысушылардың жобасына бір көз жүгіртіп өткеннің өзінде олардың әрқайсысы өз саласында, көптеген адамның өмірін жақсартуға бағытталған деген қорытындыға келеді. Фестиваль мен байқаудың арқасында көпшілік маңайын аздап болса да өзгерте алады. Сайып келгенде, бұл бастамалардың барлығы белгілі дәрежеде Қазақстан болашағының мәдени, әлеуметтік, креативті ландшафтын қалыптастырады, - деді байқау жеңімпазының бірі Евгений Лумпов.

Айта кетейік, бұл байқау жас мәдениет және өнер қайраткерлерін, сонымен бірге, мәдениет және өнер, дизайн, сән және шығармашылық кәсіпкерлік саласындағы қызметті жүзеге асыратын суретшілердің, креаторлардың, шығармашылық бірлестіктер мен ұйымдардың жобалары мен жұмыстарын қолдауға бағытталған.

- Өзімнің және балалар баспасының атынан ұйымдастырушылар мен қазылар алқасының мүшелеріне балаларға арналған «Tentek Jurek» екі тілді кітаптар сериясын шығаруға сенім білдіргені және грант бергені үшін алғыс айтамын. Соның арқасында Қазақстандағы балаларға арналған кітап шығару саласындағы өзгерістерді бастай аламыз және елді балалар әдебиетінің қазақстандық авторларымен таныстыра аламыз, - деді «Tentek Jurek» балалар мен жасөспірімдерге арналған кітаптар» жобасының авторы Малика Колесова.

«ЖасSTAR Grants Program» жеңімпаздары «ЖасSTAR» халықаралық шығармашылық жастар фестивалінде жарияланды:

  1. Авгамбаева Лааль Нұрланқызы – «Коллекция дизайнерской одежды «Анатомия степи»;
  2. Досжанов Бауыржан Тәттібекұлы – «Обновление и возрождение коврового искусства»;
  3. Ермахан Асқар Сағындықұлы – «Художественный короткометражный фильм «Манкурт»;
  4. Жарлығапова Мира Александровна – «Запуск первого в западном регионе танцевального Центра для слабовидящих «WinDance»;
  5. Колесова Малика Мырзабекқызы – «Книги «Tentek Jurek»;
  6. Қуатқызы Аида – «Онлайн-игра «Iz»;
  7. Лумпов Евгений Васильевич – Информационно-архивный интернет-портал «Zaman.media»;
  8. Макарцева Яна Александровна – «Спектакль «THE ZOO STORY»;
  9. Молдалім Тоғжан Жақсылыққызы – «Альбом живописи «Казахский национальный балетный театр»;
  10. Сқақов Азамат Сағандықұлы – «Глинотерапия».

- Қатты қобалжыдым, бірақ комиссияда адал, жылы жүзді адамдар болды, ал жобаны қорғау кезінде жағымды ахуал қалыптасты. Шығармашылық адамға арнап мүмкіндіктер жасаған үшін ұйымдастырушыларға рахмет, - деді Мира Жарылғапова.

Сонымен қатар, салтанатты рәсім барысында «ЖасSTAR Awards» байқауының тағы бір жеңімпазының есімі аталды. Байқау дарынды қазақстандықтарды көтермелеу мақсатында фестиваль қарсаңында өтті. Бұл шығармашылық жарыстың шарты бойыншаа автор байқау кезінде 40 жастан аспауы керек. Осылайша, 600-ден астам үміткердің ішінен сегіз шығармашылық қазақстандық жеңімпаз деп танылды. Олардың әрқайсысы 300 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық алды.

«ЖасSTAR Awards» жеңімпаздары:

       1. Қабоке Оралбек – «Уақыт пен өлшем» шығармашылық жұмысы;

       2. Танаев Ержан – «Әже» шығармашылық жұмысы;

       3. Тәжкуранов Мейірбек Еранұлы –  «Бүгінгі күннің батыры...» шығармашылық жұмысы;

       4. Нұртазин Қанат Тайбекұлы – «Сайгак» шығармашылық жұмысы;

       5. Филиппова Александра – «Костюм Императора» шығармашылық жұмысы;

       6.  Тәтібаева Гүлмарал – «Мұра» шығармашылық жұмысы;

       7. Ізтілеуова Айғанұл Ғарифуллақызы – «Казахский народный танец» шығармашылық жұмысы;

       8. Қайыржан Арман Бөкенбайұлы – «Сократы» әлеуметтік бейнеролигі.

 

Түсініктеме қалдыру