image-main

Байқаудың өткізілу уақыты: 27.04.2020 - 15.05.2020

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті  - Елбасы қоры дарынды IT-мамандарға арналған «Smart Zholy» бағдарламасына өтініш қабылдауды одан әрі жалғастырады.

«Smart Zholy» - бұл қазақстандық стартаптар мен дарынды бағдарламашыларға ірі әлемдік корпорациялармен бірлесіп сандық жобаларды құруға және Азия нарығына шығуға берілген бірегей мүмкіндік.

Осы жылы, COVID-19 пандемиясының аясында «Smart Zholy» бағдарламасы қашықтағы форматта өтеді. Қатысушыларға қойылған басты тапсырма - COVID-19 вирусының таралуына шектеу қоятын сандық шешімдер ұсыну. Бағдарлама аясында Сингапурдың ірі мемлекеттік агенттіктері осы мәселені шешуде қазақстандық IT-топтарға тәлімгерлік көмек көрсетеді.

«Smart Zholy» бағдарламасына қатысуға өтінімдерді еліміздің кез-келген аймағынан келген стартаптар бере алады, алдын-ала кезеңнің қорытындысы бойынша 15 ақтық команда іріктеледі. Бұл командалар сингапурлық мамандардың жетекшілігімен 8 аптаға созылатын  қашықтықтан оқыту бағдарламасынан өтеді. Командалар өздерінің жобаларын ірі Азия корпорацияларына ұсынады, ал олар ары қарай қолдау көрсету үшін жеңімпаз атанған 5 жобаны таңдайды.

Бағдарламаға қатысу үшін сауалнаманы толтырып, оны smartzholy@fpp.kz электрондық поштасына жіберу керек.

Өтінімдер 2020 жылдың 15 мамырына дейін қабылданады.

Бағдарлама туралы ақпарат және өтінім үлгісі:
Smart Zholy Ережесі
Өтініш үлгісі

Байқауға қатысу үшін + 7701 773 5665; +7 7172 708 306 телефондарына хабарласыңыздар. Сұрақтарыңызды a.mamlyutova@fpp.kz электронды поштасына жіберуге болады.

Түсініктеме қалдыру
comments-author-avatar
Керемет!

comments-author-avatar
!