«Постиндустриалды үштік – білім, ғылым, инновация – бұл Қазақстан тұрақты әрі орнықты дамудың жаңа деңгейіне көшетін көпір. Бізге қазақстандық қоғамда үздіксіз білімді қалыптастыру маңызды».

ҚР Тұңғыш Президенті
Н.Ә.Назарбаев

Ғылым жөніндегі кеңес күш-жігерді шоғырландыру, жас ғалымдардың қызметін үйлестіру және олардың Қазақстан Республикасының болашағын құру үдерісіне қатысуын жандандыру үшін мемлекеттік органдардың жас ғалымдармен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді.

Кеңес құрамына Қазақстан Республикасының барлық ірі университеті мен ғылыми орталықтың атынан еліміздің түрлі қаласындағы жас ғалымдар (ғылым докторлары мен кандидаттары, PhD) кірді.

Қор жанындағы Ғылым жөніндегі кеңес — жас ғалымдардың ғылыми қызметін қолдайтын, шабыт беретін, ынталандыратын ұйым, ол еліміздің жоғары оқу орындары мен ҒЗИ-дағы жас ғалымдар кеңесінің қызметін жаңа деңгейге көтерді.

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жанындағы Ғылым жөніндегі кеңес ұйымдастыратын және өткізетін іс-шаралар еліміздегі ғылыми өмірдің маңызды, жүйе құраушы құрамдас бөлігінің біріне айналды.

Ғылым жөніндегі кеңестің қызметі ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың зияткерлік ұлт құру туралы стратегиялық бастамасын қолдауға бағытталған.

Қазіргі таңда Кеңес екі негізгі бағыт бойынша жобаларды іске асырады: білім алушы жастармен (студенттер, магистранттар, докторанттар) және жас ғалымдармен (40 жасқа дейінгі зерттеушілермен) жұмыс.

Мүше саны: 27 адам.

Төраға: ҚР Президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының жетекші ғылыми қызметкері, философия бойынша PhD Тоқтаров Ермек Бауыржанұлы.