news-img

Құрметті ата-аналар мен «Мың бала» олимпиада қатысушылары!

Еліміздегі қатаң шектеу карантиндік шараларын ұзартылуына байланысты, олимпиаданың екінші кезеңін 6-7 тамыз күндері өткізу мүмкін емес. Екінші кезеңді өткізу мерзімдері қазіргі таңда нақтылануда. 

Сонымен қатар,  “Мың бала” олимпиадасының қатысушылары үшін арнайы жаңалығымыз бар. Олимпиаданың барлық 5 мың оқушыға біліктілігін, дағдыларын дамыту үшін мүмкіндік беретін қашықтықтан оқыту порталы қолжетімді болады. Елбасы Академиясы негізіндегі онлайн мектепте әрбір оқушыға пән мұғалімдері тарапынан сүйемелдеу және қосымша сабақтар тізбегі ұйымдастырылады. Мектеп осы күзде жұмысын бастайды.

Барлық жаңа өзгерістер жөнінде қосымша жарияланады.
Қосымша ақпаратты 7170 байланыс нөміріне хабарласып (қоңырау шалу тегін) немесе zh.assanova@elumiti.kz электронды поштасына жазып алуға болады.

Құрметпен, «Елбасы Академиясы» корпоративті қоры, “Мың бала” жобасының ұжымы.

Түсініктеме қалдыру
comments-author-avatar
Кандай пәндерден болады