news-img

«Менторингтің коучинг пен тәлімгерліктен айырмашылығы не және олардың ортақ тұстары бар ма?» – осы және өзге де сауалдар 11 шілде күні Алматыда өткен вебинар барысында қойылды. Осы сұрақтарға жауапты қатысушылар тура түпдеректемеден  алды, – өз білімімен кәсіби жаттықтырушы және Халықаралық коучинг федерациясының коучы,  Global Coaching Халықаралық Университетінің жетекші оқытушысы Анна Блинова бөлісті.

АҚШ-та, Еуропада, Австралияда, сондай-ақ, Ресейде менторинг қызметкердің дарынын дамытуға себеп болатын оқытудың тиімді әдісі ретінде бүгін сәнде. Менторинг, басқаша айтқанда, менторлық деп көбінесе тәлімгерлік түсіндіріледі. Алайда бұл екі ұғымның арасында айырмашылық бар. Бірақ бәрін ретімен айтатын боламыз. Вебинар Маугли туралы мультфильмнің, яғни, Балу Багирамен оны джунглидегі өмірге үйрететін эпизодынан басталды. Ол оқытудың екі қарама-қайшы тәсілі мен уәждеменің позитивтік және негативтік екі түрін көрсетеді. Екі тәлімгер де қалай жасау керектігін көрсете отырып, “Мен сияқты жаса!” қағидатын негізге алады, тек біреуі ғана оның мінез-құлқын көшіруін талап етеді, басқасы оқушысына қалай жақсы болса, солай жасауын ұсынады. Балу өз ұстанымын таңыа, Мауглиді өзінікін жасағаны үшін жазалайды, Багира оның бастапқы деректерін есепке ала отырып, жеке-дара болуын қолдайды, еліктіріп, өзіндік стилін іздеуін мадақтайды. Балу – басшылық етуі айқын көрініп тұрған тәлімгер, Багира нағыз ментор, оның оқыту үлгісі Маугли үшін тиімді болып шықты, аңшылықтың қағидатын түсінген соң қасқырлардың арасында тірі қалады.

Менторинг – бұл өсу тәсілі, даму тәсілі дейді Анна Блинова. Оны көп жағдайда коучингпен, консультация беру және тәлімгерлікпен шатастырып жатады. Коучинг пен менторинг менторға менти пікірі қызық болғанда, “сенімен келіспеуге дайын және сен өзіңмен келіспейтіндігіне, өзінікін таңдайтынына дайын өзгенің пікірін қабылдау" бар кезде директивті емес тәсіл жақындастырады. Бірақ осы орайда сенің тәжірибе және біліміңмен бөлісуге мүмкіндігің бар, егер коучингте коуч көбірек бақылаушы болса, ол басқа жақтан бақылайды және көргенімен бөліседі, ал менторингте даму — бұл іргетас, бұл жерде нәтиже ғана емес, адамның дамуы маңызды. Ал тәлімгерлік – бұл “Мен секілді жаса, мен айтқандай жаса, менен де артық жаса!”. Дамудың мұндай басшылық тәсілі де жақсы, себебі солай айту қажет жаңа адамдар бар. Бірақ егер адам есейген болса, ол дамудың басшылықтық тәсілі арқылы дамымайды. Менторинг – бұл бүкіл жақсыны жинаған тәсіл және тәжірибемен бөлісу мүмкіндігі, сұрақ қою мүмкіндігі және ондай даму арқылы адамның көкжиегін кеңейту мүмкіндігі”.

Ментор үнемі ментидің даму қарқынын тиісті деңгейде ұстап тұруға және оқығанын пысықтауға тырысады. Оның міндеті өзінің кәсіби тәжірибесімен бөлісу ғана емес, ментиге ашылуға, өзінің қабілетін тұлға ретінде дамытуға көмектесу. Менти өмірлік немесе кәсіби тәжірибесі жеткіліксіз, кейде түрлі нанымдар, менталды қорқыныш пен бөгеттер кедергі келтіреді, ол білімге, машыққа, ақпаратқа бай менторға жүгінеді. Ол қажетті кітапты, фильмді, сайтты, форумды ұсынады, эмоциялық және психологиялық қолдау көрсетеді, ешкім күтпеген қасиеттерді өз бойынан табуға көмектеседі. Алайда шешім қабылдау әрқашан ментидің өзінде қалады. «Атты суаруға әкелуге болады, бірақ оны су ішуге мәжбүрлей алмайсың, ментордың қағидаты — ол тәжірибесімен бөлісуі мүмкін, бірақ ол қажет деп есептейтіндей деңгейде мәжбүрлей алмайды. Сіз бұл жағдайда қалай әрекет етуді, қандай шешім қабылдауды  және әрі қарай қандай әрекет етуді, не істеу, не істемеу керектігіе шеше аласыз. Қалай әрекет етуу туралы шешімді менти қабылдайды және дамуға жауапкершілік те ментиге жүктеледі. Менти – бұл жауапкершілікті мойнына алатын адам, ол өзге тәжірибені көре, ести, оны қабылдай алады, бірақ оған қалай ыңғайлы болса, солай жасауды дұрыс деп есептейді".

 Менторинг – бұл әріптестік, соның ішінде, стратегиялық әріптестік дейді Блинова. Ментор менти секілді естуі және тыңдауы тиіс, менторлық дегеніміздің өзі монолог емес, диалог. “Сен керемет кеңестер бересің, бізге бұл ұнады, мына кеңес те ұнады, бірақ егер бізден сұраса, тіпті жақсы болар еді. Келесі жолы біздің пікірімізді, біздің шешімімізді, біздің болжауымызды сұрап алсаң ғанибет болар еді, біз дайындалдық және бізге саған оны әңгімелеп беру қызық болды. Бұл менторға басшылық етуге кері байланыстың үлгісі”.    Ментор ментиге өзінің қорқыныштары мен үрейлерін жеңуге көмектеседі, сондықтан сенім болғаны маңызды, ол екі жақтан да болуы тиіс. Сонымен қатар, шектен тыс сенімділік қарым-қатынас ағайынгершілікке алып келуі мүмкін. Мысалы, ментор менти ақпаратының құпиялылығын сақтауға міндетті.

Өз кезегінде менти өзінің менторынан барынша пайда алуға тырысуы тиіс. Ментидің әрекетінде көп жіберілетін қателік менторды өмірдің кез келген жағдайындағы нұсқаулық ретінде қабылдау болып табылады, бұл әріптестікте басшылық ететін тәлімгерлікке   айналдырып алу қаупін тудырады.

Вебинар 100 қадам ұлт жоспарын іске асыру мен институционалдық реформаларды жүргізу үшін өзгерістерді және командаларды басқару бойынша салалық менеджерлерді дайындау бағдарламасы аясында өткізілді. Оған Нұрсұлтан Назарбаев Қоры бастамашылық еткен және ел экономикасын дамытуға үле қосуды мақсат тұтқан нақты саладағы жоғары деңгейлі сарапшыларды дамытуға бағытталған. Бағдарламаның мақсаты   – 200 салалық сарапшыны тарту және іріктеп алу, оқыту және олардан экономиканың негізгі салаларын түрлендіру мәселелерін шешетін  өзгерістерді басқару бойынша менеджерлер командасын жасақтау. Анна Блинованың айтуынша, бұл бағдарлама оны өзінің ауқымдылығымен, менторлар мен ментилердің санымен, мақсатының бірегейлігімен баурап алған. Ол «менторинг синергиялық әсер орын алатындықтан бағдарлама қойған мәселелерді шешуді жылдамдатуға себеп болатындығына" сенімді. Оны іске асыру барысында қатысушылардың сапасы да өзгереді – менторлар мен менти кез келген күрделі мәселелерді өздері шеше алатын болады, менти өзгелер үшін менторға айналып, олардың мәселелерін шешеді, ал менторлар нәтижеден айтарлықтай ләззат алатын болады".

Түсініктеме қалдыру