"Мың бала" Ұлттық Олимпиадасы
Жоба
171014
Бөлісу
Бағыт түрі:
Бiлiм беру

"Мың бала" жобасы жыл сайын ауылдық жерлердегі 5 және 6-сынып оқушылары арасынан 1000 дарынды баланы анықтауға, олардың құрдастарымен сәтті бәсекеге түсе отырып, еліміздің ең үздік білім ошақтарында оқуға мүмкіндік береді.
Басты мақсаты - ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының таланттары мен қабілеттерін дамыту және қолдау үшін жағдайлар жасау.
Олимпиадаға қатысушылар: Қазақстан Республикасы ауыл мекендеріндегі білім алатын 5 және 6-сынып оқушылары.
Қатысу шарттары:
- Олимпиадаға Қазақстан Республикасының соңғы екі оқу жылында ауыл мектептерінде білім алып жатқан 5 және 6-сынып оқушылары қатысады.
- Олимпиадаға қатысуға бұған дейін қатысқан ауыл мектептерінің 6-сынып оқушылары қайта өтініш беруге құқылы.
Олимпиадаға тіркелуді 1000bala.elbasyacademy.kz сайтында жүргізуге болады.
«Мың бала» Олимпиадасында іріктеу рәсімі қалай өтеді?
I-кезең
Бірінші кезеңде ауыл мектептерінің 5 және 6-сынып оқушылары арасында 5 мың финалистті іріктеледі. Бірінші кезең танымдық ойлау деңгейін анықтауға арналған тесттерді қамтиды. Кешенді тестілеу «логикалық ойлау» және «кеңістіктік ойлау» бөлімдерінен тұрады.
Олимпиадаға қатысушылар I-кезеңнің кешенді тестілеуін өз таңдауы бойынша: қашықтан онлайн режимінде немесе жергілікті білім беруді басқару органдары ұсынған арнайы жабдықталған үй-жайларда өте алады.
II-кезең
Екінші кезеңде финалистер арасында 1 000 жеңімпаз іріктеледі. ІІ-кезеңді өткізу орындарында оқушылардың қатысуы міндетті.
Іріктеу компьютерлік тестілеу нәтижелері бойынша жүргізіледі, оған бөлімдер бойынша оқушылардың академиялық білімін бағалау кіреді:
- «Математикалық сауаттылық»;
- «Қазақ тілі», қазақ тілінде білім алатын оқушылар үшін;
- «Орыс тілі», орыс тілінде білім алатын оқушылар үшін;
- «Ағылшын тілі»;
- «Жаратылыстану».
«Мың бала» олимпиадасына қатысу қорытындысы бойынша:
- Ең көп балл жинаған жеңімпаздарға дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерде, оның ішінде Дарын, БИЛ мектептерінде білім алу ұсынылады.
- «Мың бала» олимпиадасының барлық қатысушыларына одан әрі білім алу және дағдыларын дамыту үшін Елбасы Академиясының «Birge Oqý» онлайн мектебіне тегін қабылдану мүмкіндігі беріледі.
Қосымша ақпарат үшін 8 800 080 48 48 нөміріне хабарласуға болады (қоңырау шалу тегін)
"Мың бала" Ұлттық Олимпиадасы
Әлеуметтік навигатор
Алдыңғы жоба
“El Maqtanyshy” дәстүрлі премиясы