El Úmiti – әлеуметтік желі мен блоггинг элементтері бар алғашқы өркендеу онлайн-платформасы.

Мұнда пайдаланушылар таңғажайып саяхат жасайды: Нұрсұлтан Назарбаев Қорының өзекті жобалары туралы ақпарат алып, оларға қатысуға, тегін білім ресурстарын қолдануға, жаңалықтарды достарымен бөлісіп, өзінің жеке блогын жүргізуге мүмкіндік алады.

El Úmiti  «Ұлт үміті» дегенді білдіреді, сондықтан біз қатысушылар барынша пайдалы дүние игерсе, өз бойындағы әлеуетін жүзеге асыруға көмектесетін қызықты мүмкіндіктер тапса дейміз.

Өркендеу онлайн платформасына кез келген адам қатыса алады, тек тіркелсеңіз болды.